Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
697-бап. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 47. Погашение налоговой задолженности умершего
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 659. Представление декларации о доходах и имуществе
· толық сәйкестік кестесі
декларацияны ұсыну
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекске сәйкес дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге осындай тұлға кеткен күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.
2. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы ең аз салық салынатын кірістен төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
Осы тармақта көзделген кірістер бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте 679-баптың 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кеткен жағдайда жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (декларациялар) осындай тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-697/