НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

703-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

кірістердің және ұсталған, төленген салықтардың сомалары туралы анықтама
1. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған, төленген салықтардың сомасы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – анықтама), егер осындай салық Қазақстан Республикасының бюджетіне, оның ішінде халықаралық шарт негізінде төлеуге жататын болса және осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса, салық органынан алуға құқылы. Салық органынан анықтаманы салық агенті де осындай салық агенті бейрезидентке есептеген және (немесе) төлеген кірістердің және осындай кірістен ұсталған (төленген) салықтардың сомасы бойынша алуға құқылы. Бұл ретте осы Кодекстің 38-бабына сәйкес сенімхаттың болуы талап етілмейді.
2. Анықтама алу үшін бейрезидент (салық агенті) салықтық өтінішті мынадай салық органына:
1) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның кірістері бойынша – салық агентінің тұрған жеріндегі;
2) бейрезиденттің тұрақты мекемесі – осындай тұрақты мекеме тұрған жердегі;
3) Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістерден салықты дербес төлейтін шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасындағы келген (тұрғылықты) жері бойынша;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кірістері бойынша – салық агентінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынуға міндетті.
3. Мыналар: бейрезиденттің (салық агентінің) салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салықтық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған; салық төлеу болмаған; салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салықтық өтініш берілген күні бейрезиденттің кірістерінен салықты аудару бойынша салықтық берешек болған кезде салық органы бейрезидентке (салық агентіне) анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
4. Анықтама мынадай күндерден барынша кешірек: салықтық өтініш берілген күннен; бейрезиденттің есебіне жазылған және салық төлеуге жататын кірістерінің сомалары көрсетілген салықтық есептіліктің тиісті нысанын бейрезидент-салық төлеуші және (немесе) салық агенті ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-703/