НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

716-бап. Арнаулы салық режимін таңдау тәртібі, оған ауысу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

және оны қолдануды тоқтату шарттары
1. Осы бөлімде әрбір осындай режим үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде арнаулы салық режимін таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлға – осы Кодекстің 97-бабына сәйкес жіберілетін, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада;
2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – тіркеуші органда мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада;
3) қалған жағдайларда дара кәсіпкер мен заңды тұлға – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін жеке тұлғаның таңдауы: көрсетілген режимде арнаулы мобильді қосымшаның чектері қалыптастырылған айда; жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезеңде танылады.
2. Егер жаңадан құрылған салық төлеуші осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіппен арнаулы салық режимін таңдамаса, осындай салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін таңдады деп танылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші екінші арнаулы салық режимін – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы салық режимдерінің екі дерегін көрсетеді.
4. Тиісті арнаулы салық режиміне оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде мыналар ауысуға құқылы:
1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын заңды тұлғалар;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне және (немесе) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер;
3) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды:
1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде, оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде жүргізеді. Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде шекті кіріс мөлшері бойынша шектеуді қолдану мақсаттары үшін кірістер мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер енгізілмейді;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған арнаулы салық режимі осындай салық салу режимі үшін осы бөлімде белгіленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайлардың туындауын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.
7. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне (оның ішінде салық органының шешімі бойынша) ауысқаннан (көшкеннен) кейін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне кейінгі ауысу бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде: жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданудың кемінде бір күнтізбелік жылынан кейін; соңғы күнтізбелік жылда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде жылдық жиынтық кіріс оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шекті кіріс мөлшерінен аспаса, жүзеге асырылады.
8. Салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы ұсынады.
9. Таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:
1) дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимін көрсеткен жеке тұлғалар үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;
2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған, жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін: арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні; жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;
4) қалған жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн.
10. Өзге де арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысу жүзеге асырылатын, арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды тоқтату күні қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған күннің алдындағы күн болып табылады.
11. Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны; оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті. Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады. Кірісі арнаулы салық режимі үшін шекті кірістен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша кіріс алынғанға дейін тиісті хабарлама береді.
12. Салық органы камералдық бақылау барысында салық төлеушінің тиісті арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шарттарға сәйкес келмеу фактісін белгілеген кезде салық органы салық төлеушіге осы Кодекстің 82 және 137-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жібереді. Салық төлеуші өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны салық органына ұсынбаған жағдайда салық органы осындай салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырады немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен ұсынбаған кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатады. Бұл ретте: оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі үшін – арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күн жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні болып табылады. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін тоқтату күні арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күннің алдындағы күн болып табылады; өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі үшін – осы арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күн осындай арнаулы салық режимін қолдануды аяқтау күні болып табылады.
13. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларда жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген және төленген күнтізбелік ай ішінде кірістер болмаған жағдайда, мұндай адамдарды салық органы осы режимді қолданатын салық төлеуші ретінде есептен шығарады.
14. Салық төлеушінің оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күні және (немесе) тоқтатқан күні туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай арнаулы салық режимін қолданудың тиісті басталған күніне және (немесе) тоқтатылған күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-716/