Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
718-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-718/