НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

721-бап. Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жүзеге асыратын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
1. Осы баптың ережелері өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып, қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізімі бойынша жүзеге асырған кезде қолданылады.
2. Осы бөлімде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) интернет-платформа – интернет-платформа операторының, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің және интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаның өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін электрондық интернет-алаң;
2) интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлға арасында қызметтер көрсету (оның ішінде қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып қызметтер көрсету) бойынша байланыстарды орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
3) серіктес-интегратор – Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай интеграциялауға белгіленген талаптарға сәйкес интернет-платформалардың мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялануын қамтамасыз ететін ақпараттық өнімнің иесі болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген және онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға тапсырысты орналастыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Интернет-платформа операторы осы Кодекстің 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес салық агенті болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.
4. Салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлем сомаларын ұстап қалуды жүргізеді. Ұсталған жеке табыс салығының сомаларын бюджетке аударуды салық агенті есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізеді. Ұсталған әлеуметтік төлем сомаларын төлеуді салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-721/