НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

729-бап. Салық салу объектісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін (оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметке байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға арналған мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістер), өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде (осы баптың 5-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып) алынған (алуға жататын) кірістерден тұрады.
3. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс:
1) міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кірісті;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кірісті қамтиды. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдану кезінде осы Кодекстің 237 – 256-баптарына және осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалады.
4. Салық салу мақсатында шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің кірісі ретінде өтеусіз берілген мүлікті беретін салық төлеуші үшін осындай берілген мүліктің құны қаралмайды.
5. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;
4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері;
5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талаптарды есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кірісті түзету: дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне кредитор салық төлеуші талап қоймаған; заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады. Осы тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацында көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі. Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі. Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе сол кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
6. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше бабында көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген кірістер кіріске бір рет қосылады. Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-729/