НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

747-бап. Салық салу объектiсi

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің және  Осы Кодекстің 19-бөлімінің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі. Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен: шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін ЕАЭО-ның кедендік аумағы шегінен тысқары жерге экспортқа өткізу кезінде – кедендік баждардың, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде; шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа берудің экспорттық маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-747/