НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

750-бап. Салықтық кезең

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Экспортқа рента салығы бойынша салықтық кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады. Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-750/