Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
764-бап. Қол қою бонусын төлеу мерзiмдерi
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 729. Сроки уплаты подписного бонуса
· толық сәйкестік кестесі
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қою бонусы салық төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке:
– салық төлеуші конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап;
– жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап;
– жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылысжайларды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған күннен бастап;
– жерасты суларын өндіруге рұқсат алынған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.
2. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-764/