НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

779-бап. Салық салу объектісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Салықтық кезеңдегі жер қойнауындағы нақты ысыраптардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін көлемі ескеріле отырып, салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі (пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы өткен (есепті) тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осындай уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өткен (есепті) тоқсанда жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі туралы мәліметтерді береді. Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексі (бұдан әрі – KAZRC кодексі) бойынша қорларды есепке алуға көшу күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша қолданыста болатын мемлекеттік баланс шеңберінде, сондай-ақ кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілетін минералды шикізат ескеріле отырып айқындалады. Бұрын Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітпеген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар KAZRC кодексіне сәйкес пайдалы қазбалар қорлары шеңберінде айқындалады. Пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын, минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар қорларының есептік және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады. Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру шеңберінде жер қойнауына қайтарылған уран көлемі салық салу объектісі болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-779/