НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

785-бап. Салық салу объектісі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезеңде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың физикалық көлемі салық салу объектісі болып табылады. Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын минералды шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады. Осы тараудың мақсаттары үшін өндірілген кең таралған пайдалы қазба мен емдік балшық көлемінің бірлігі бір текше метр немесе бір тонна болып танылады. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын ұстап тұру үшін жерасты суларын, оның ішінде олардан өндірілген бу түрінде жер қойнауына кері айдау (техногендік суды сорып алу) кезінде;
2) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес көмірсутектермен ілеспе өндірілген және халық денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіретін жерасты суларын кәдеге жарату кезінде;
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе өндірілген (ілеспе алынған, сорып алынған) жерасты суларын (шахталық, карьерлік, кеніштік) төгу кезінде төленбейді;
4) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты сулары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмаған жағдайда төлемейді;
5) өзiнiң шаруашылық мұқтаждықтары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-785/