НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

790-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы Кодекстің 791-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келетін пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларға роялти төлейді. Роялти осындай лицензия алынған күннен бастап оның қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде төленеді. Пайдалы қатты қазбалар бойынша роялти осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
2. Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді өндірілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаларды, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерін өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 791-бабының 1-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болған техногендік минералды түзілімдер (техногендік минералды түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар) өткізілген жағдайда төлейді.
3. Өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбалардың, оның ішінде қайта өңдеуден өткендерінің көлемі, сондай-ақ өткізілетін минералды шикізаттағы пайдалы қатты қазбалардың құрамы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аккредиттелген зертханалардың деректері негізінде расталады. Мұндай растау өткізілген минералды шикізат пен пайдалы қатты қазбаның әрбір партиясы бойынша пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Бұл ретте пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген зертханалардың тізбесін өзі белгілеген тәртіппен бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-790/