НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

798-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Үстеме пайда салығы осы Кодекстің 799-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салықтық кезең үшін есептеледі.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салуға байланысты мынадай объектілерді:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кірісті;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы кірісті;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдерді;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза кірісіне салынатын салықтың есеп айырысу сомасын айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-798/