Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
807-бап. Есептеу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 808-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын үстеме пайда салығы салынатын объектінің әрбір бөлігіне кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектіні айқындайды;
2) осы Кодекстің 808-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:
1, 2, 3, 4, 5 және 6-деңгейлер үшін – осы Кодекстің 808-бабы кестесінің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгейге арналған пайыз бен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;
7-деңгей үшін:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса – үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе оған тең болса – нөл ретінде айқындайды;
3) осы Кодекстің 808-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салықтық кезеңде іс жүзінде алынған таза кірісті мынадай тәртіппен бөледі:
1-деңгей үшін:
егер салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы таза кірісті бірінші деңгей үшін бөлудің шекті сомасынан асса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі таза кірісті бірінші деңгей үшін бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы таза кірісті бірінші деңгей үшін бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасына тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді;
2, 3, 4, 5, 6 және 7-деңгейлер үшін:
егер салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен таза кірістің алдыңғы деңгейлер бойынша бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма таза кірісті тиісті деңгей үшін бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, онда таза кірістің осы деңгей үшін бөлінген бөлігі таза кірісті осы тиісті деңгей үшін бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен таза кірістің алдыңғы деңгейлер бойынша бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма таза кірісті тиісті деңгей үшін бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда таза кірістің осы деңгей үшін бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.
Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттарында таза кірісті бөлу жүргізілмейді.
Таза кірістің деңгейлер бойынша бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы салықтық кезеңге үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірістің жалпы сомасына тең болуға тиіс;
4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 808-бабына сәйкес таза кірістің деңгейлер бойынша бөлінген әрбір бөлігіне қолданады;
5) осы Кодекстің 808-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, салықтық кезең үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-807/