НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

819-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы Кодекстің 748-бабының 2-тармағында және 772-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруді жүргізуге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.
3. Осы Кодексте белгіленген, заттай нысанда төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына барабар болуға тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ мұндай пайдалы қазбаларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде, онда:
1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемдерін мемлекет атынан алушы;
2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемдерін беру пункті, шарттары мен мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.
5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері көрсетілген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді ақшалай нысанда төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын көрсетілген салықтар мен төлемдерді төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.
7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы және толық беруiн бақылауды өзі дербес жүзеге асырады. Осы Кодексте белгіленген, салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен көмірсутектер бойынша экспортқа  рента салығының бюджетке толық және уақтылы аударылуы үшін салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін іс жүзінде тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.
8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы тұрған жеріндегі салық органдарына осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері мен оларды заттай нысанда төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті осы Кодексте белгіленген мерзімдерде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-819/