НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

835-бап. Экспортқа рента салығын төлеушілер бойынша өтпелі ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Осы Кодекстің 746-бабының бірінші бөлігі үшінші абзацының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.». 836-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған стратегиялық жоба бойынша салықтық преференцияларды сақтау Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салықтар бойынша преференциялар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-835/