НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

844-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер мен шегерімдер жөніндегі өтпелі ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан  аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай кірістерді:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының ұлғаю сомасындағы кірістерді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы теріс айырманы таниды.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай шығыстарды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының азаю сомасындағы шығыстарды;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы оң айырманы шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қолданады. Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының және 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттарында сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік ескеріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-844/