Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
848-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Осы Кодекс:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 189-бапты;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 92-бапты, 90-тарауды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) 320-баптың 2-тармағының 4) және 10) тармақшалары, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағының 19) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) 286-баптың 15) тармақшасы, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы, 474-баптың 40) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) 17-бап, 238-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы және 2-тармағының 16) тармақшасы, 254-баптың 3-тармағы, 255-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары, 286-баптың 17) тармақшасы, 323-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі, 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) және 13) тармақшалары, 338-баптың 4) тармақшасы, 343-бап, 348-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы, 351-баптың 3-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацы және 18) тармақшасы, 368-баптың 2) тармақшасы, 429-баптың 3) тармақшасы, 454-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы, 474-баптың 33), 34) және 48) тармақшалары, 479-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасы, 487-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы, 556-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы, 592-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы, 82-тарау, 681-баптың 11) тармақшасы, 682-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) 238-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы, 320-баптың 3, 4 және 5-тармақтары, 323-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі, 668-баптың 32) тармақшасы 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) 337-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 9) тармақшалары және үшінші бөлігі 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 68-баптың 1-1-тармағын және 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылатын 26-баптың 23-тармағын қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі);
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
күші жойылды деп танылсын.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-848/