О внесении дополнений N№1 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N№3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 1 толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715  P011715_ және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122  Р020122_ қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 1012  P021012_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3  V022012_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында: бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бағдарлама әкiмшiсiнiң 060 "Республикалық маңызы бар автожолдарын қайта жаңарту жөнiндегi жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 043 және 044-кiшi бағдарламалармен толықтырылсын: "043 "Астана қаласын айналып өту" автомобиль жолын көрiктендiру жобасын дайындау 044 Оңтүстiк Қазақстан облысы автожолдарының учаскелерiн күрделi жөндеу жобасын дайындау".
Тармақ 2
2. Құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары департаментi (Е.Е.Исаев) және Бюджет саясаты және жоспарлау департаментi (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 16 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.