Об установлении зон санитарной охраны на участке скважины № 03029 товарищества с ограниченной ответственностью "Одак", расположенной в Костанайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры ___________________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесіндегі санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 242 қаулысына қосымша Қостанай ауданында орналасқан "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесіндегі санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 03029 ұңғыма Радиусі - әр ұңғыманың айналасына 30 метр 2,0 гектар Ұзындығы – 500,0 метр Ені – 400,0 метр 20,0 гектар Ұзындығы – 825,0 метр Ені – 800,0 метр 56,0 гектар Ескерту: Қостанай облысы Қостанай ауданындағы "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 03029 ұңғыма учаскесінде санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Одак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).