О внесении изменений в постановление акимата района № 05/03 от 1 апреля 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 05/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери әскери қызмет туралы» заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 22 сәуірінде тіркелінген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-14-69, 2008 жылдың 26 сәуірінде № 17 аудандық «Нұра» газетінде жарияланған) № 05/03 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық шақыру комиссиясының құрамына Гизатуллин Фаниль Фанилұлы – аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманының міндеттерін атқарушысы, аудандық шақыру комиссия төрағасының орынбасары ретінде енгізілсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Шалов Қайрат Мұқаметұлы – аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.І.Әпеков «19» 09. 2008 жыл КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра ауданы бойынша басқармасының бастығы Г.Қ.Досполова «19» 09 2008 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жолболдин «19» 09 2008 жыл