Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 0705 и № 0706 Тарановского месторождения подземных вод Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы _______________ С. Байменова "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 445 қаулысына қосымша Жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы Ұңғымалар № 0705 және № 0706 Ұзындығы – 50 метр Ені – 30 метр 0,15 гектар Ұзындығы – 283 метр Барынша ені – 132 метр 3,22 гектар Ұзындығы – 323 метр Барынша ені – 223 метр 2,28 гектар Ескерту: "Қостанай облысындағы жер асты сулары Таран кең орнының № 0705 және № 0706 су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Сулу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).