О внесении изменений в постановление акимата Абайского района № 09/01 от 18 марта 2015 года «Об оказании дополнительного вида социальной помощи инвалидам 1 группы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 «1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде» қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы «1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде» №09/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3147 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 16 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанда жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде»; 1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі ақшалай төлем түрінде – 4800 теңге мөлшерінде жылына біржолғы көмек көрсетілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.