О внесении изменений и дополнений в решение акима области № 1-18 от 23 января 1998 г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің 1998 ж. 23 қаңтардағы N 1-18 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалына қатаң бақылау орнату мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1998 жылғы 23 қаңтардағы "Облысаралық және халықаралық жол бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы жөніндегі қызмет көрсетуге келісім-шарт бойынша мемлекеттік тапсырыс берушіні белгілеу туралы" N 1-18 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: - 2 тармақтағы "Алматы облысының Көлік департаменті" сөздерінің орнына "Көлік департаменті "АОМҚК" деп оқылсын. - шешімнің 3 тармағындағы: - "К.Ә.Әшіров" сөздерінің орнына "Н.Б.Сартаев" деп оқылсын; - "Көлік инспекциясының облыстық бөлімшесі (К.А.Қырғызбаев)" сөздері "Көлік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы (А.Е.Тойбаев)" сөздерімен ауыстырылсын; - "тұрақты автобус бағыттары" сөздері "бойынша келетін барлық..." сөздерінің алдына койылып оқылсын. - 5 тармақтағы "облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа" сөздері "облыс әкімінің орынбасары К.Ә. Әбләкімовке" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К.Ә. Әбіләкімовке жүктелсін.