О внесении изменений и дополнения № 1 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года № 4 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета Республики Казахстан", зарегистрированный за № 2019 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№ 2019 тіркелген "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 4 бұйрығына № 1 өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы -----------Бұйрықтан үзінді----------- "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мынадай бүйрықтарының күшi жойылды деп танылсын: 2) тiркелген N 2221, "N 2019 тiркелген "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 4 бұйрығына N 1 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 12 наурыздағы N 44... Министрдің міндетін атқарушы ----------------------------- "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына және "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. № 2019 тіркелген "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 4 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында: 110 "Жалақы" кіші сыныбында: 113 "Өтем төлемдері" ерекшелігі бойынша: "Шығындар тізбесі" бағанында жетінші және он екінші абзацтар алынып тасталсын; 130 "Тауарлар сатып алу" кіші сыныбында: 136 ерекшелігі бойынша "Атау" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Ел ішіндегі қызметтік іссапарлар"; "Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы шегінде қызметтік іссапарларға арналған шығындар"; "Шығындар тізбесі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Іссапарда болған кезеңге берілетін тәулікақы: белгіленген орынға жетуге және кері қайтуға жұмсалатын шығындар; тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстар; заңнамамен белгіленген басқа да шығындар;" 137 ерекшелігі бойынша: "Атауы" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттен тыс жерлерге қызметтік іссапарлар"; "Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға арналған шығындар"; "Шығындар тізбесі" бағаны мынадай абзацпен толықтырылсын: "Іссапарда болған кезеңге берілетін тәулікақы: белгіленген орынға жетуге және кері қайтуға жұмсалатын шығындар; тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстар; заңнамамен белгіленген басқа да шығындар"; 140 "Қызметтер мен жұмысты сатып алу" кіші сыныбында: 146 "Ғимарат, үй-жай, жабдықтарды күтіп ұстау, қызмет көрсету, ағымды жөндеу және басқа да шығындар" ерекшелігі бойынша: "Анықтама" бағанында он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Ғимаратты және оның аумағындағы жақын маңды күзетпен, дабылдамамен және басқа да қорғау жөніндегі қондырғылармен қамтамасыз ету".
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Сұлтанов Б.Т) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Исаев.Е.Е) бірлесе отырып Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.