О внесении изменений, дополнений в распоряжение Акима области № 1-409р от 21 июля 1998 года “Об утверждении единого образца паспорта торгового предприятия” Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сауда кәсіпорны төлқұжатының бірыңғай үлгісін бекітү туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2001 жылғы 6 наурыздағы № 1002 шешімімен.
Тармақ 1
1. «Сауда кәсіпорны төлқұжатының бірыңғай үлгісін бекіту туралы» облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкімінің 1 тармағындағы «сауда кәсіпорнының төлқұжаты» деген сөздер «сауда, қоғамдық тамақтандыру, кызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 2 тармақтағы «сауда кәсіпорнының» деген сөздер «сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласы объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1 - 409ө өкімінің № 1 қосымшасындағы «сауда кәсіпорнының төлқұжаты» деген атауын «сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаты» дерен атаумен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу тәртібі бекітілсін ( № 1 қосымша ).
Тармақ 5
5. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда, қоғамдык тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу
Облыс Әкімінің 2000 жылғы « 18 » 01 № 1-798ө өкіміне № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда, қоғамдык тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы объектілерінің төлқұжаттарын беру және тіркеу ТӘРТІБІ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілері деп дүкендер, дүкендердегі бөлімдер, асханалар, думанханалар, кафелер, барлар/ дәмханалар ( бұдан әрі - «Сауда, қоғамдық тамақтандыру стационарлық к^сіпорындары» ) , сондай-ақ ұсақ бөлшек сауда жүйесі түсініледі. Ұсақ бөлшек сауда жүйесіне павильондар, дүңгіршіктер, палаткалар мен сауда автоматтары ( бұдан әрі - «Дүңгіршіктер»), сондай-ақ тасып және таратып саудалаудың жылжымалы құралдарын: арбашаларды, цистерналарды, автодүкендерді, жаймалар мен үстелдерді қолданатын сауда орындары ( бұдан әрі - «Көшедегі сауда») жатады.
Тармақ 2
2. Қызметтер көрсету саласының кәсіпорындарына жанар-жағармай құятын стансалар, шаштараздар, фотосалондар, киім, аяқ киім тігу және жөндеу ательелері, галантереялар және т.б., дәріханалар, дәріхана дүңгіршіктері жатады.
Тармақ 11. 11. САУДА, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫН БЕРУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
11. САУДА, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫН БЕРУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Барлық сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету объектілері санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында бекітіліп, тіркелген сауда мекемелеріне арналған бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру және сатудың 1996 жылғы 25 тамыздағы № 355, 356 негізгі ережелерінің талаптарына, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті алқасының 1996 жылғы 20 қыркүйектегі № 9/7 қаулысымен бекітілген қызметтер көрсету саласының объектілеріне арналған Қазақстан Республикасы халқына тұрмыстық қызмет көрсету ережелеріне және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 2
2. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласының әрбір объектілері төлқұжатпен қамтамасыз етіледі, облыс Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі № 1-409ө өкімімен осы төлқұжаттың бірыңғай үлгісі енгізілген өзгерістер ескеріліп бекітілген. Төлқұжат тұтынушыларға көрнекті жерде орналасуы қажет.
Тармақ 3
3. Төлқұжаттарды қалалық, аудандық әкімдер береді.
Тармақ 4
4. Төлқұжатта сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету саласының объектісіне нөмір (код) беріледі. Дүкендер - М 000000 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - О 000000 Дүңгіршектер мен палаткалар - К 000000 Дәріханалар - А 000000 Жанар-жағармай құятын стансалар - З 000000 Қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары - У 000000 Объектіні тіркеу үшін төлқұжат салық қызметі органына тапсырылады.
Тармақ 5
5. Төлқұжат алу үшін тиісті құжаттармен бірге өтініш беріледі. (Мемсанэпидқадағалау органдарының қорытындысы; Мемсанэпидқадағалау органдарымен келісіліп өткізілетін тауарлар немесе ұсынылатын қызметтерінің ассортименттік минимумы және объектінің бар екендігін растайтын құжаттар)
Тармақ 6
6. Кәсіпорын төлқұжаты шектеусіз мерзімге беріледі, төлқұжат объект иесі өзгерген жағдайда ғана ауыстырылады.
Тармақ 7
7. Көшедегі сауда объектілерінен басқа саудаа, қоғамдық тамақтандыру, қызметтер көрсету саласы объектілерінің барлығына төлқұжат беріледі.
Тармақ 8
8. Көшедегі сауда объектілерін ашу және тіркеу қала, аудан әкімдерінің объект орналасатын жері мен іс-әрекет мерзімі көрсетілген шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ iii. III. ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ
III. ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ Дүңгіршектерді, көшедегі сауда объектілерін өз бетімен орналастырған немесе тіркелмеген объектіні ашқаң жағдайда кінәлілер «Әкімшілік тәртіпті бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Облыс Әкімі аппаратын Басшысы Т. Ибраев