Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ «О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора» и Инструкции по его формированию Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1)осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысаны;
Тармақша 2
2)осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Экстремизмге, терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» № 1-ЭТ нысанды есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту, экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар және сот экстремистік, террористік деп таныған ұйымдар туралы деректер қорын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 9 қазандағы № 113 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9863 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 161 бұйрығына 1-қосымша «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебі 1-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер А кестесі (қылмыстар бойынша) Ата­уы Жол­дың ко­ды Есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі өн­ді­рі­сте болған қыл­мыстар­дың са­ны Есеп­тік ке­зең­де СДТ­БТ-не тір­кел­ген қыл­мыстар са­ны Есеп­тік ке­зең­де іс жүр­гі­зу­мен аяқ­тал­ған қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша қыл­мыстар­дың са­ны Есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі сот­қа жі­бе­рі­л­ген қыл­мыстар­дың са­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – ҚПК) 35-ба­бы­ның 3), 4), 9), 10), 11), 12) тар­мақ­та­ры және 36-ба­бы бой­ын­ша қыл­мыстар­дың са­ны қыл­мыстық іс­те­рі қы­сқар­ты­л­ған ҚПК-нің 35-ба­бы 1- бө­лі­гі­нің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тар­мақ­та­ры бой­ын­ша қыл­мыстар са­ны тар­мақ­тар бой­ын­ша қы­сқар­ты­л­ған қыл­мыстық іс­тер А Б 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы: есеп­тік ке­зең­де ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі бой­ын­ша сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру мер­зім­де­рі үзі­л­ген қыл­мыстар­дың са­ны Бар­лы­ғы 1) тар­мақ 2) тар­мақ 3) тар­мақ 4) тар­мақ 5) тар­мақ 6) тар­мақ 7) тар­мақ 8) тар­мақ 9) тар­мақ 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар Кестенің жалғасы есеп­тік ке­зең­де қыл­мыстық іс­те­рі іс жүр­гі­зу­мен аяқ­тал­ған қыл­мыстар Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­мен неме­се олар­дың қа­ты­суы­мен Адам­дар то­бы Қыл­мыстық топ Қыл­мыстық қо­ғам­да­стық Қыл­мыстық ұй­ым 17 18 19 20 21 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 2-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстарды жасаған адамдар туралы Ата­уы Жол­дың ко­ды Бар­лы­ғы оның ішін­де сот­қа жол­дан­ды бұ­рын жа­са­ған адам­дар кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар әй­ел­дер Қа­зақ­стан аза­мат­та­ры ТМД аза­мат­та­ры ше­тел аза­мат­та­ры аза­мат­тығы жоқ адам­дар А Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар кестенің жалғасы: оның ішін­де кә­сі­бі­нің тү­рі Бі­лі­мі мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­дай­тын адам­дар жұ­мыс­сыз оқу­шы­лар қа­ты­су­шы­лар сту­дент­тер же­ке кә­сіп­кер­лер дін қыз­мет­ші­ле­рі әс­ке­ри қыз­мет­кер­лер мә­де­ни­ет және өнер қыз­мет­кер­ле­рі фер­мер­лер жо­ға­ры ор­та және ар­найы ор­та 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер А-кестесі. Экстремистік материалдарды алу туралы мәліметтер Ата­уы Экс­тре­ми­стік ма­те­ри­ал­дар тәр­кі­лен­ді А Б 1 Ма­те­ри­ал­дар­дың бар­лы­ғы 1 олар­дың ішін­де па­рақ­ша­лар 2 кі­тап­тар 3 бас­қа та­сы­мал­да­у­шы­лар 4 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер Б-кестесі. Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (террористік іс-әрекетке байланысты қестесі бойынша) Ата­уы Қоз­ғал­ған қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша қа­ру, оқ-дә­рі және жа­ры­л­ғыш заттар тәр­кі­лен­ді А Б 1 Қа­ру­дың, оқ-дә­рі­лер­дің және жа­ры­л­ғыш заттар­дың бар­лы­ғы 1 олар­дың ішін­де қа­ру 2 оқ-дә­рі­лер 3 жа­ры­л­ғыш заттар 4 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 4-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер Ата­уы Бар­лы­ғы оның ішін­де: кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар әй­ел­дер Қа­зақ­стан аза­мат­та­ры ТМД аза­мат­та­ры ше­тел аза­мат­та­ры аза­мат­тығы жоқ адам­дар а б 1 2 3 4 5 6 7 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы Ко­дек­сі­нің 453-ба­бы бой­ын­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ды (бұ­дан әрі - ӘҚтК) 1 Олар­дың ішін­де қол­да­ну­мен: ай­ып­пұл­дар 2 қыз­мет­ті тоқ­та­та тұ­ру, оған тый­ым са­лу 3 са­лын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы 4 өн­ді­ріп алын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы 5 ӘҚтК-нің 149-ба­бы бой­ын­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ды 6 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 5-бөлім. Экстремизмге қарсы іс-қимылды және терроризмге қарсы күрес үшін прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер Ата­уы жол­дың ко­ды бар­лы­ғы а б 1 тек­се­ру­лер жүр­гі­зіл­ді 1 заң бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ды 2 жүр­гі­зі­л­ген тал­да­у­лар 3 ен­гі­зі­л­ген на­ра­зы­лық­тар 4 оның ішін­де на­ра­зы­лық­тар қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды 5 оның ішін­де на­ра­зы­лық­тар қа­был­дан­ба­ды 6 қа­рал­ған ұсы­ны­стар 7 «Про­ку­ра­ту­ра ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 30-ба­бы тәр­ті­бін­де қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды 8 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сі­нің 376-ба­бы тәр­ті­бі­мен ен­гі­зі­л­ген сот қа­на­ғат­тан­дыр­ған өті­ніш­тер­дің са­ны (47 та­рау) 9 9-жол­дан экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік деп та­ны­л­ған ұй­ым­дар­дың са­ны 10 «Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс – қи­мыл ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – «Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ) 21-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған өті­ніш­те­рі­нің са­ны 11 «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс – қи­мыл ту­ра­лы» Заң­ның (бұ­дан әрі – «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ) 8-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған өті­ніш­те­рі­нің са­ны 12 «Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ 10-4-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған өті­ніш­те­рі­нің са­ны 13 «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» ҚРЗ 12-ба­бы тәр­ті­бі­мен про­ку­рор­дың қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған өті­ніш­те­рі­нің са­ны 14 заң тү­сін­дір­ме­ле­рі бе­ріл­ді 15 ден қою ша­ра­ла­ры бой­ын­ша заң­сыз ак­ті­лер­дің кү­ші жой­ыл­ды және өзгер­тіл­ді 16 тәр­тіп­тік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны 17 әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны 18 ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны 19 тек­се­ру және тал­дау нәти­же­сін­де ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бын­да (бұ­дан әрі-АЕК) тір­кел­ген фак­ті­лер са­ны 20 тер­геу аяқ­тал­ған (заң­ды кү­шіне ен­ген сот үкі­мі не іс ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қы­сқар­тыл­ды) АЕК-те тір­кел­ген фак­ті­лер са­ны (20-ба­ған­нан) 21 тек­се­ру және тал­дау нәти­же­сін­де сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру ба­стал­ған қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар са­ны 22 сот­қа дей­ін­гі аяқ­тал­ған тер­ге­улер са­ны (заң­ды кү­шіне ен­ген неме­се іс ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қы­сқар­ты­л­ған сот үкі­мі) (22-ба­ған­нан) 23 ақ­па­рат­тық-про­фи­лак­ти­ка­лық (тү­сін­ді­ру) жұ­мысы (бар­лы­ғы): 24 24-жол­дан оның ішін­де кон­фе­рен­ци­я­лар, бас­па­сөз кон­фе­рен­ци­я­ла­ры, се­ми­нар­лар, се­ми­нар-ке­ңе­стер, дөң­ге­лек үстел­дер өт­кі­зіл­ді 25 оның ішін­де БАҚ-та (бас­па­сө­зде, ра­дио, те­ле­ди­дар, ақ­па­рат­тық агент­тіктер­де, веб-сайт­тар­да) жа­ри­я­лан­ған бар­лық ма­те­ри­ал­дар) 26 «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысаны 6-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер Ата­уы Жол­дың ко­ды өзде­ріне қа­ты­сты сот­пен қыл­мыстық іс­те­рі тоқ­та­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған есі дұ­рыс емес адам­дар­дың са­ны ақ­тал­ған­дар са­ны сот­тал­ған­дар са­ны оның ішін­де бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға бас бо­станды­ғын шек­те­уы тұт­қын­дау Қо­сым­ша жа­за­лау ша­ра­сы: мү­лік­ті тәр­кі­леу А Б 1 2 4 5 6 7 8 9 Экс­тре­ми­стік және тер­ро­ри­стік қыл­мыстар
Басқа 2. «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 161 бұйрығына 2-қосымша «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы есепті (бұдан әрі - есеп) қалыптастыруды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Есептің субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі және прокуратура органдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Есепті қалыптастыру негіздері:
Тармақша 1
1) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (1, 2, 3, 6-бөлімдері) бекітілген Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – СДТБТ) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – нысан);
Тармақша 2
2) «Қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (5-бөлім) «Әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерулерді және заңдылықты прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» № 1 нысанның;
Тармақша 3
3) «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (4-бөлім) бекітілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы» 1-ӘЖ және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалу, қаралу барысы және әкімшілік жазаны орындау тәртібі туралы» 1-ӘҚ нысандарындағы ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтері болып табылады.
Тармақ 4
4.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі-ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын іс жүргізу шешімдерін есепке алу прокурор шешімді немесе ЭЦҚ нысанын куәландырғаннан кейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (бұдан әрі –ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын процестік шешiмдердi есепке алу, прокурор шешімді немесе нысанды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Есеп өңір бойынша құқық бұзушылықтар туралы жиынтық есептен және осы өңірдің әрбір субъектісі бойынша есептерден тұрады.
Тармақ 6
6. Комитеттің аумақтық органдарының бастықтары жергілікті жерлердегі Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. № 1-ЭТ есебін қалыптастыру мерзімдері
2-тарау. № 1-ЭТ есебін қалыптастыру мерзімдері
Тармақ 7
7. Республика бойынша, сондай-ақ өңір және әрбір субъекті бойынша жиынтық есеп үдемелі қорытындымен тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады. Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі. Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізу тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Комитет жиынтық есепті және әрбір қылмыстық қудалау органы бойынша есептерді мүдделі субъектілерге, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлімшелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-күніне олардың ресми электрондық мекенжайларына электрондық форматта жібереді. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда мерзімнің соңғы күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер (есептің 1-бөлімі)
3-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер (есептің 1-бөлімі)
Тармақ 9
9. Есептің 1-бөлімі есептік кезеңде істері іс жүргізуде болған (сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, сотқа жолдаумен аяқталған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, үзілген) қылмыстар туралы мәліметтерді қамтиды. Жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер бейнеленеді (бұдан әрі – ҚР ҚК).
Тармақ 10
10. 1-бөлімнің 1-бағанында істері есепті кезеңде өндірісте болған қылмыстардың саны көрсетіледі. Көрсетілген бағанда сондай-ақ есепті кезеңдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бейнеленеді. Оларға есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, сондай-ақ есептік кезеңде қылмыстық істі сотқа жіберу, мерзімін үзу немесе іс жүргізуді тоқтату (есептен шығарумен қысқартылғандардан басқа) туралы процестік шешім қабылданған немесе жоғарыда аталған шешімдердің бірде біреуі қабылданбаған өткен жылдардағы қылмыстар жатады.
Тармақ 11
11. 2-бағанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді кімнің: анықтау органының, тергеушінің, прокурордың бастағанына қарамастан, есепті кезеңде тіркелген қылмыстардың саны көрсетіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бір қылмыстық қудалау органы бастаған және кейіннен тергеулігі бойынша басқа органға берген жағдайда, 2-бағанда құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған органның есебінде көрсетіледі. Бұл жағдайда 2-баған көрсеткіштерінің 1-баған көрсеткіштерінен асып кетуіне жол беріледі.
Тармақ 12
12. 3-бағанда тіркеу уақытына қарамастан аяқталған қылмыстық істер бойынша (ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен сотқа жіберілген не ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған) қылмыстардың саны бейнеленеді. 4-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен және құқық бұзушылықты тіркеу уақытына қарамастан, ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген қылмыстардың саны бейнеленеді.
Тармақ 13
13. 5-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған қылмыстар (есептен шығарусыз) көрсетіледі. 6-бағанда істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтарына сәйкес тоқтатылған қылмыстардың саны (құқық бұзушылықты есептен шығарумен) көрсетіледі. 7-бағанда есептік кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың жалпы саны бейнеленеді. 7-бағанның 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 -бағандарда ағымдағы есептік кезеңде ашылмағаны ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істері бойынша қылмыстардың саны көрсетіледі (ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1), 2, 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақтары бойынша).
Тармақ 14
14. 17-бағанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар бейнеленеді. 18-бағанда адамдар тобы жасаған қылмыстар бейнеленеді. 19-бағанда қылмыстық топ жасаған; 20-бағанда қылмыстық қоғамдастық жасаған; 21-бағанда қылмыстық ұйым жасаған мәліметтер бейнеленеді.
Тарау 4. 4-тарау. № 1-ЭТ есептің «Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер» 2-бөлімін қалыптастыру
4-тарау. № 1-ЭТ есептің «Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер» 2-бөлімін қалыптастыру
Тармақ 15
15. Есептің 2-бөлімі экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтерді қамтиды. Бөлімнің жолдарында бөлімнің «А» бағанында көрсетілген ҚР ҚК-нің баптары мен тарауларына сәйкес қылмыстар туралы мәліметтер бейнеленеді.
Тармақ 16
16. 1-бағанда экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыс жасаған анықталған адамдардың жалпы саны бейнеленеді. 2-бағанда 1-бағаннан қылмыстық істері сотқа жіберілген адамдардың саны көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 1-бағаннан 3-21-бағандарда қылмыс жасаған адамдардың жекелеген санаттарының саны бөлінеді: бұрын қылмыс жасаған адамдар, әйелдер, Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі-ТМД) азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың жас топтары, кәсібі, білімі.
Тарау 5. 5-тарау. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (есептің 3-бөлімі)
5-тарау. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (есептің 3-бөлімі)
Тармақ 18
18. Бұл бөлімде қылмыстық істер бойынша экстремистік материалдарды, қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер көрсетіледі. Есептің бөлімі «Экстремистік материалдарды алып қою туралы мәліметтер» А және «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер» Б -кестелерінен тұрады. А-кестесінің жолдарында алынған экстремистік материалдардың атаулары туралы мәліметтер бейнеленеді.
Тармақ 19
19. 1-бағанда алып қойылған экстремистік материалдардың жалпы саны бейнеленеді. Б-кестесінің жолдарында алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың атауы туралы мәліметтер бейнеленеді. 1-бағанда қылмыстық істер бойынша алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың жалпы саны бейнеленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (есептің 4-бөлімі)
6-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (есептің 4-бөлімі)
Тармақ 20
20. Бұл бөлім әкімшілік практика субъектісінің экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Кестелердің жолдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесін қамтиды.
Тармақ 21
21. 1-бағанда әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың жалпы саны көрсетіледі. 2-7-бағандарда 1-бағаннан кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, Қазақстан Республикасы, ТМД азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың саны көрсетіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда заңдылықты сақтауда прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер (есептің 5-бөлімі)
7-тарау. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда заңдылықты сақтауда прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер (есептің 5-бөлімі)
Тармақ 22
22. Есептің 5-бөлімі экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылды прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 23
23. 1-жолда ағымдағы есепті кезеңде экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың қолданылуын прокурор аяқтаған тексерулердің жалпы саны көрсетіледі. Заңнаманың қолданылуын тексеруді прокурор «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Прокуратура туралы» ҚРЗ) 7-бабы 3-тармағына сәйкес тексеру жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін жүргізеді. Тексеруді көрсетудің қажетті шарты оның нәтижелері туралы анықтаманың не осы тексерудің қорытындылары бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актісінің болуы болып табылады.
Тармақ 24
24. 2-бағанда анықталған заң бұзушылықтардың саны бейнеленеді, көрсеткіштерді есепке алу үшін тексеру нәтижелері туралы анықтамалар негіз болады.
Тармақ 25
25. 3-бағанда ағымдағы есепті кезеңде заңдардың қолданылуына прокурор аяқтаған талдаулардың жалпы саны бейнеленеді.
Тармақ 26
26. 4-бағанда енгізілген наразылықтардың саны көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 5-бағанда прокурордың заңсыз актінің күшін жою не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз іс-әрекетін тоқтату және бұзылған құқықты қалпына келтіру туралы талаптарының орындалуы туралы жазбаша хабарлама негізінде ескерілетін қанағаттандырылған наразылықтар туралы мәліметтер бейнеленеді.
Тармақ 28
28. 6-бағанда қабылданбаған наразылықтар туралы мәліметтер бейнеленеді.
Тармақ 29
29. 7-бағанда бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдай отырып, есепті кезеңде қаралған ұсынымдардың саны (оларды енгізу уақытына қарамастан) ескеріледі. Прокурордың ұсынымдарын қарау нәтижелері және заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы лауазымды адамдардың немесе органдардың жазбаша хабарламалары осы бағанда есепке алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 30
30. 8 жолда «Прокуратура туралы» ҚРЗ-ның 30-бабы тәртібінде қанағаттандырылған өтініштер саны ескеріледі.
Тармақ 31
31. 9 жолда сот қанағаттандырған өтініштердің саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібінде прокурормен енгізілген, оның ішінде келесі жолдарда: 10 жолда - экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны; 11 жолда – «Терроризмге қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырған өтініштерінің саны; 12 жолда - «Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы» Заңның 8-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны (бұдан әрі - «Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы» ҚРЗ); 13 жолда - «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны; 14 жолда - «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған өтініштерінің саны ескерілген.
Тармақ 32
32. 15-жолда «Прокуратура туралы» ҚРЗ-ның 32-бабы тәртібімен берілген және прокурорлар органға немесе лауазымды адамға не азаматқа жіберген заң түсіндірмелері ескеріледі.
Тармақ 33
33. 17, 18 және 19-жолдарда прокуратураның қаулылары мен ұсыныстары бойынша тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауапкершілікке тартылған адамдардың саны көрсетіледі.
Тармақ 34
34. 20-бағанда тексеру және талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі-АЕК) тіркелген фактілер саны, оның шінде 21-бағанда көрсетілетін тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны көрсетіледі.
Тармақ 35
35. 22-бағанда тексеру және талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны, сонымен қатар сотқа дейінгі аяқталған тергеулер саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) көрсетіледі.
Тармақ 36
36. 24, 25, 26-тармақтарда ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер (есептің 6-бөлімі)
8-тарау. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер (есептің 6-бөлімі)
Тармақ 37
37. 6-бөлім соттар оларға қатысты сот актілерін шығарған адамдар туралы ҚР ҚК-нің баптары көрсетілген жолдардан және көрсететін бағандардан тұрады: қылмыстық істері (қылмыстық қудалауы) тоқтатылған, оның ішінде есі кіресілі-шығасылы адамдар саны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар саны (1 және 2-бағандар); ақталғандардың (3-баған) және сотталғандардың (5-баған) саны; қылмыстық жазалау шаралары: бас бостандығынан айыру мерзімдері (6, 7, 8-бағандар) және қосымша жазалау шарасы (мүлікті тәркілеу) 8-бағанда бейнеленеді.