Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора подземных вод на участке скважины № 1 в селе Асенкритовка района Беимбета Майлина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры ________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің бастығы ________ Г. Оспанбекова "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бастығының міндетін атқарушы ______ С. Қалиев
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысына қосымша Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшелері I - белдеу II - белдеу III - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1 ұңғыма Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 0,785 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 160 метр 8,03 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 1212 метр 461,2 гектар