Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № 1, расположенной на территории железнодорожной станции Перелески в Денисовском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданындағы Перелески теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Перелески теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы _______ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Денисов ауданындағы Перелески теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 235 қаулысына қосымша Денисов ауданындағы Перелески теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1 ұңғыма Радиусі - 30 метр 0,283 гектар Ұзындығы – 320,4 метр Барынша ені – 305,8 метр 30,8 гектар Радиусі - 1106 метр 384,1 гектар Ескерту: "Қостанай облысы, Денисов ауданы. Перелески теміржол станциясында орналасқан № 1 ұңғыма учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген. (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).