О внесении изменений и дополнений в приложение № 1 распоряжения Акима области № 1-826р от 29 февраля 2000 года "Об утверждении Положения по организации и проведению открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Восточно-Казахстанской области" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс Әкімінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 1-826ө өкімінің № 1 қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 898 қаулысымен. Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету рыногындағы әділ бәсекелестікті дамыту мақсатында және "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 1-826ө өкімімен бекітілген және әділет органдарында 2000 жылғы 10 наурызда 277 нөмермен тіркелген Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1.1
1.1 тармақ тоғызыншы бөліммен толықтырылсын: ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңымен.".
Тармақ 1.5
1.5 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Тендерге меншік түрлеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген, меншік құқығында немесе облыс аумағында тіркелген жылжымалы құрамды жалға алу келісім-шарты негізінде автокөлік құралдарына ие, қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық құжаттарға сәйкес тасымалдау процесін ұйымдастыруға және автокөліктің техникалық пайдалануын қамтамасыз етуге қабылетті, автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі келісім-шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға қатыса алады.".
Тармақ 1.9
1.9 тармақ. Мына сөйлем алынып тасталсын: "Тапсырыс беруші жаңа ашылған бағыттарда жолаушылар тасымалдауды іске асыру құқын келісім-шарттарын орындайтын тасымалдаушыға 2 жылға береді.".
Тармақ 1.11
1.11 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Тасымалдаушы контракт шарттарын орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші қажеттілікке қарай тендерлер өткізеді.".
Тармақ 2.1
2.1 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Тендерлік ұсыныстарды, олардың бағалануын қарау және жеңімпаздарды анықтау үшін облыс Әкімінің шешімімен комиссия құрылады, облыс (қала) Әкімінің орынбасары оның төрағасы болып табылады.".
Тармақ 2.3
2.3 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Комиссия құрамына аумақтық органдардың өкілдерін енгізу ұсынылады.".
Тармақ 2.9
2.9 тармақ былай толықтырылсын: "Тасымалдаушылар кәсіподақтарының қызметкерлері.".
Тармақ 5.28
5.28 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Контракт 3 жыл мерзімге жасасылады. Контракт жасасқан тендер жеңімпазына Контракттің бүкіл қолданылу мерзіміне оның маршрутта жұмыс істеу құқығын бекітетін Куәлік беріледі. Тендердің және жасасқан Контрактінің шарттарын орындамаған жағдайда маршрут 2-ші орын алған тендер қатысушысына қызмет көрсетуге берілуі мүмкін немесе тендерге қойылады.".
Тармақ 5.30
5.30 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "Бір ай ішінде Контракт жасаспаған және маршруттарда қызмет көрсетуге кіріспеген тендер жеңімпазы жұмысқа жіберілмейді, кепілдік жарна сомасы қайтарылмайды, тендер нәтижелері жойылады, жұмыс істеу құқығы балл саны бойынша 2 орын алған қатысушыға беріледі немесе екінші тендер өткізіледі.". Тендерлік ұсыныстарды бағалау нысанындағы мына баған алып тасталсын: Жүргізушілердің жолаушылар тасымалындағы жұмыс өтілі. Контрактінің 2.7 тармағы мына редакцияда баяндалсын: "Жылжымалы құрамның техникалық қызметпен қамтылуын, салонның іші мен сыртын күнсайынғы сүрту-жуу жұмыстарын, рейс алдындағы техникалық бағалау жүргізуді қамтамасыз ету. Көлік кәсіпорнымен келісім-шарты жоқ жеке тұлғалар медициналық пункт болған жағдайда автовокзалдар мен автостанцияларда міндетті түрде медициналық куәландыруды жүргізу.".