Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов на участке скважин № 1, № 2 (74), расположенных на территории железнодорожной станции Арыстансор в Денисовском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы _______________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 231 қаулысына қосымша Денисов ауданындағы Арыстансор теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 (74) ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1, № 2 (74) ұңғымалар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 0,8 гектар Ұзындығы – 73,6 метр Әр ұңғыма үшін барынша ені – 38,4 метр 0,3 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 188,2 метр 11,12 гектар Ескерту: "Қостанай облысы, Денисов ауданы Арыстансор теміржол станциясының ауданында орналасқан 1 және 2 (74) ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің незідемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).