О наложении временных ограничительных мероприятий отделений № 1 и № 2 товарищества с ограниченной ответственностью имени К. Маркса села Озерное Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Озерный селосы К. Маркс атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 1 және № 2 бөлімшелеріне уақытша шектеу іс-шараларын салу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Озерный селосы К. Маркс атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі № 1 және № 2 бөлімшелерінің ірі қара малы бруцеллезбен ауруына байланысты Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Озерный селосы К.Маркс атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №1 және №2 бөлімшелеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша жайсыз жерде малды қайта топтастыру, әкелу, әкету, сату және айырбастау, сүт және сүт өнімдерін өңдеуге шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия шектеу іс-шараларын өткізу кезеңіне уәкілетті жеке және заңды тұлғалар қызметін үйлестіру бойынша жедел басшылықты қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (М.А. Демисенов келісім бойынша) санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың өткізілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.В. Брусенцов келісім бойынша) аса қауіпті аурулармен ауыратын малдардың дертін анықтау, емдеу және аурудың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндеттерін атқарушы (О.А. Серов келісім бойынша) бақылау-өткізу тәртібін ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (А.А. Кузнецов) жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.