Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов на участке скважин № 1, № 2, расположенных в районе железнодорожной станции Житикара Күшін жойған
Басқа 0
Жітіқара теміржол станциясының ауданында орналасқан № 1, № 2 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Жітіқара теміржол станциясының ауданында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
___________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Жітіқара теміржол станциясының ауданында
орналасқан № 1, № 2 ұңғымаларының учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 445 қаулысына
қосымша
Жітіқара теміржол станциясының ауданында
орналасқан № 1, № 2 ұңғымаларының учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ 1, № 2
ұңғымалар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
1,57
гектар
Ұзындығы
– 525,4
метр
Барынша
ені –
152,4
метр
36,1
гектар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
1000 метр
314
гектар
Ескерту: "Қостанай облысы, Жітіқара ауданы. Жітіқара теміржол станциясының ауданында орналасқан 1 және 2 ұңғымаларының учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарының белдеулер мөлшелерін негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген.
(Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)