Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора скважин № 1э и № 2э на эксплуатируемом участке подземных вод в Федоровском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _______________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы _______________ Г. Оспанбекова "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ басшысы _______________ Қ. Төлеубаев Федоров ауданының әкімі _______________ Қ. Ахметов
Басқа 3. Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 234 қаулысына қосымша Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э ұңғымаларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1э ұңғыма Радиусі – 50 метр 0,785 гектар Радиусі – 50 метр 0,785 гектар Радиусі – 265 метр 21,26 гектар № 2э ұңғыма Радиусі – 30 метр 0,28 гектар Радиусі – 49,6 метр 0,49 гектар Радиусі - 412 метр 52,81 гектар Ескерту: "Қостанай облысының Федоров ауданындағы жер асты суларының пайдаланылатын учаскесінде № 1э және № 2э су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймақтарының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Гранд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).