Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 1, № 2, расположенных на территории железнодорожной станции Тогузак в Карабалыкском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры _________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы _________ Г. Оспанбеков
Басқа 3. Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 233 қаулысына қосымша Қарабалық ауданындағы Тоғызақ теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1, № 2 ұңғымалар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 0,905 гектар Ұзындығы – 129,5 метр Барынша ені – 95,0 метр 1,05 гектар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 392 метр 28,95 гектар Ескерту: "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Тоғызақ теміржол станциясында орналасқан 1 және 2-ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).