Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважин № 1 и № 2 Семилетненского месторождения подземных вод в Костанайском районе Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1 және № 2 ұңгымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай облысы
бойынша департаменті" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 39 қаулысына
қосымша
Қостанай ауданындағы жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
№ 1э және
№ 2э ұңғымалары
Ұзындығы – 100 метр
Ені –
50 метр
0,5 гектар
Ұзындығы –
226,6 метр
Барынша ені – 48,6 метр
1,1 гектар
Радиусі – 371 метр
43,6 гектар
Ескерту: "Қостанай облысының Қостанай ауданында орналасқан жер асты сулары Семилетка кең орнының № 1э және № 2э ұңғымалары учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерімөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "KEGOC" акционерлік қоғамының "Сарыбай жүйеаралық электр тораптары" филиалы).