Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов товарищества с ограниченной ответственностью «Викторовское» на участке скважин № 1, № 2, № 4 на территории района Беимбета Майлина Күшін жойған
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесі
директорының міндетін атқарушы
_____________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
_____________________________ А. Карабаев
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4
ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2012 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 394 қаулысына
қосымша
Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4
ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І-белдеу
ІІ-белдеу
ІІІ-белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ 1, № 2
ұңғымалар
Радиусі - әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
1,44
гектар
Радиусі
– 67,45
метр
2,0221
гектар
Радиусі – 337,25
метр
38,63
гектар
№ 4
ұңғыма
Радиусі -
ұңғыманың
айналасында
25 метр
0,9287
гектар
Радиусі
– 46,27
метр
0,672
гектар
Радиусі – 231,35
метр
16,775
гектар