Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевых водозаборов на участке скважин № 1, № 55а, расположенных на территории железнодорожной станции Апановка в районе Беимбета Майлина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры ___________________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 236 қаулысына қосымша Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 1, № 55а ұңғымалар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 50 метр 1,57 гектар Ұзындығы – 75,4 метр Барынша ені – 58 метр 2,8 гектар Радиусі - 233,7 метр 38,8 гектар