«О внесении изменений в решение областного маслихата № 10-12 от 25 марта 2001 года «О региональной Программе поддержки и развития малого предпринимательства в Западно-Казахстанской области на 2001-2002 годы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың №10-12 25 наурыз 2001 жылғы шешіміне өзгертулер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 08.02.2005 № 14-24 шешімімен. Есеп мәліметтерін реттеуге жасалған жұмыстарға сәйкес шағын кәсіпкерліктің көрсеткіштеріне өзгерістер енгізе отырып және облыс әкімінің N 4-01/125 9 сәуір 2001 жылғы хаттамасын қатерге алып облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының 6 бөліміне өзгертулер енгізіп редакциялануы осы бағытта мазмұндалсын: "шағын бизнес субъектілері санының өсуін 2002 жылдың аяғына дейін 15577 бірлікке, соның ішінде 2001 жылғы 15220 бірлікке жеткізу. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 2002 жылдың аяғында 38600 адамға, соның ішінде 2001 жылы 37616 адамға жеткізілсін. Нәтижесінде 2002 жылдың аяғында облыстың жалпы ішкі өнімінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 10 пайызға дейін ұлғаяды".
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың N 10-12 25 наурыз 2001 жылғы 6 бөліміндегі күтілетін тиімділік нәтижесінің шешімінің күші жойылсын.