О внесении дополнений в постановление акимата города № 10-143/4 от 19 апреля 2007 года «О проведении призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года граждан родившихся в 1980-1989 годах». Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 10-143/4 «1980-1989 жылдары туған азаматтарды сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің Ережелерін бекіту туралы» Қаулысы негізінде және жыл сайынғы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 10-143/4 «1980-1989 жылдары туған азаматтарды сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 7 мамырда 8-6-46 нөмірімен тіркелген, қалалық «Шарайна» газетінің 2007 жылғы 11 мамырдағы 53 (1461) нөмірінде жарияланған) Қаулысы 1-1 тармағымен толықтырылып, келесі мәтінде баяндалсын: «1-1. Жедел әскери қызметке шақыру жөніндіге қалалық комиссияның қосымша құрамы (№ 5 Қосымша)».
Тармақ 2
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен сон күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы А. Д. Грудей «25» 06 2007 ж. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Ж. Т. Имашев «25» 06 2007 ж. «Келісілген» «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» ММ Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы К. Қ. Қабыкенов «25» 06 2007 ж. «Келісілген» «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы Е. Х. Сәкеев «26» 06 2007 ж.
Басқа 4
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2007 жылғы „26” маусым № 15-227/6 қаулысымен бекітілген № 5 қосымша Жедел әскери қызметке шақыру жөніндіге қалалық комиссияның қосымша құрамы: Супонин Владимир Иванович - «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Шоқпытов Асқар Аманжолұлы - « Сәтбаев қаласының білім білім бөлімі» ММ бас маманы, комиссия төрағасының орын- басары; Жакупова Күлзия Сатыбалдықызы - «Сәтбаев қаласының поли- клиникасы» МКҚК медбикесі комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Оразбаев Ерлан Қалиұлы - «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орын- басары; Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК дәрігер – оташысы.