Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Жылыойсккому району для кандидатов в Президенты Республики Казахстан и в депутаты Жылыойского районного Маслихата по избирательному округу № 10 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына
№ 10 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 6–тармағы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық сайлау комиссияның келісімімен белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы бойынша № 10 сайлау округі бойынша облыстық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық сайлау комиссияның келісімімен белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңдылықтарында көзделген шарттары мен тәртіптер бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастапқа қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Далбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 1-қосымша
Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ
№
Елді мекен
Орналасатын жері
1
Құлсары қаласы
1 шағын аудандағы аялдаманың жанына тақта
2
Теміржол вокзалы ғимаратының жанына тақта
3
Тайманов-Махамбет көшелерінің қиылысына тақта
4
Қорғанбаев көшесіндегі № 15 орта мектеп ғимаратының алдына тақта
5
Жаңа Қаратон поселкесі
№ 22 орта мектеп ғимаратының жанына тақта
6
№ 23 орта мектеп ғимаратының жанына тақта
7
Тұрғызба селосы
№ 4 орта мектеп ғимаратының жанына тақта
8
Шоқпартоғай селосы
№ 3 орта мектеп ғимаратының жанына тақта
9
Қосшағыл селосы
№ 2 орта мектеп алдындағы алаңға тақта
10
Ақкиізтоғай селосы
Бұрынғы мәдениет үйі кеңсесі ғимаратының алдына тақта
11
Майкөмген селосы
№ 17 орта мектеп ғимаратының алдына тақта
Басқа 7
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 2-қосымша
Жылыой ауданы бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 округ бойынша үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ
№
Елді мекен
Орналасқан жері
1
Жаңа Қаратон поселкесі
№ 22 орта мектеп ғимаратының жанына тақта
Басқа 8
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 43 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай табыстауға жауапты мемлекеттік мекеме
№
Мемлекеттік мекеменің атауы
Басшысы
Телефон, факс
Мекен–жайы
1
Жылыой ауданы қаржы бөлімі
Дюсупова Жанар Амангелдіқызы
(871237) 5-10-63
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20