Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № 10137 в селе Береговое района Беимбета Майлина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы _______________ С. Байменова "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________ Г. Оспанбекова "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ басшысы ________________ Қ. Төлеубаев Таран ауданының әкімі _____________ Б. Өтеулин
Басқа 3. Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 450 қаулысына қосымша Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І белдеу ІІ белдеу ІІІ белдеу шекарасы ауданы шекарасы ауданы шекарасы ауданы № 10137 ұңғыма Ұзындығы – 87,7 метр Барынша ені – 75 метр 0,61 гектар Радиусы – 81 метр 2,06 гектар Ұзындығы – 1562 метр Барынша ені – 1040 метр 139,19 гектар