О внесении изменений в постановление акимата области № 106 от 11 июля 2002 года «О создании рабочей группы обеспечению полноты поступления налогов и сборов в бюджет области» (Зарегистрировано в Департаменте юстиции 2 августа 2002 года № 1746) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Әділет Департаментінде 2002 жылы 2 тамызда № 1746 тіркелген) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 шілдедегі 106 қаулысымен бекітілген облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін: жұмыс тобының құрамынан О. Г. Химчук, Ж. Қ. Қалиев, А. Ә. Иманбеков және Ж. М. Тасыбаев шығарылып тасталсын. Жұмыс тобының құрамына: Облыс әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы Самат Қуанышұлы Ғилымов «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» ММ бастығы Талғат Сансызбайұлы Атраубаев «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық аумақтық басқармасы» ММ бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша) Ақылбек Дадинұлы Дадин Ақтөбе облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының бастығы Алдияр Сағындыкұлы Коптілеуов «Базарларға және бір жолғы талондар бойынша қызметтердің кейбір түрлеріне әкімдік ету жөніндегі облыстық басқарма» ММ бастығы Сұлупан Панақызы Шынтасова енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобының мүшесі А. Қ. Қаратаевтың «коммуналдық меншік басқармасының бастығы» лаузымы «Ақтөбе облыстык экономика және индикативті жоспарлау департаменті» ММ директоры» болып ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Қаулының 1 тармағындағы « (О. Г. Химчук) » фамилиясы « (С. Қ. Ғилымов) » фамилиясына ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 6 тармақ мынадай редакцияда оқылсын: «Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін».