О внесении изменений в постановление акимата области № 106 от 11.07.2002 г. «О создании рабочей группы по обеспечению полноты поступления налогов и сборов в бюджет области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 106 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Облыс бюджетіне түсетін салықтар мен алымдар түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету, резервтерді анықтау және төлемдер түсімдерін жинақтау жөніндегі жұмыс тобы құрамынан Н. Қ. Әбдібеков, Б. Қ. Аманбаев және Е. Қ. Есенбаев шығарылып тасталсын.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобының құрамына: «Ақтөбе облыстық экономика және индикативті жоспарлау департаменті» ММ директоры - Қалиев Жігер Қуанышұлы; «Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры - Әбдіқалықов Темірбек Әбдібекұлы «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарма» ММ бастығы - Елеусіз Қанатбай Елеусізұлы енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.