О внесении дополнений в решение акима области № 108 от 21 марта 2001 года «Об организации и проведение предупредительных мер по защите области от весеннего паводка 2001 года» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 21 наурыздағы № 108 «Облысты 2001 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Облыс әкімінің төтенше жағдайларға байланысты резерв қорынан су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаржысының бағдарлама әкімгерін анықтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыс әкімінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 108 "Облысты 2001 жылғы көктемдегі су тасқынынан қорғау жөніндегі алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қала мен аудандардағы қорғаныс бөгеттерін нығайтуға арналған бағдарламаның әкімгерлері болып Атырау қаласының әкімияты аудандар бойынша - Махамбет, Индер, Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының әкімияттары тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Су тасқынына ұшыраған елді мекендер аумағын айналып ұшып өту, гидропункттердің үзіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету, Бақсай, Алғабас-Жарық каналы арнасын тазалау, Таңдай теліміндегі Бақсай каналының бойындағы бөгеу қондырғыларын салу бағдарламасының әкімгері болып облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әжіғалиева А.) бағдарлама әкімгерлеріне құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында сараптаудан өткен сметалар мен есептердің негізінде облыс әкімінің төтенше жағдайларға байланысты резерв қорынан су тасқынына қарсы шараларға бөлінген бағдарлама бойынша 43330000 (қырық үш миллион үш жүз отыз мың) теңге сомасындағы қаржыландыруды ашсын.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімгерлері бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды
қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.