Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства плотоядных животных в доме № 108 по улице Рудненская в городе Костанае Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай қаласы Рудненская көшесіндегі № 108 үйде шектеу іс-шараларды белгілеу және сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу туралы
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының құтыру ауруын анықтау фактісі бойынша ұсынысы негізінде және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес, адамдар мен үй жануарлардың құтырумен ауыруының алдын алу мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 7 маусымнан Қостанай қаласы Рудненская көшесіндегі № 108 үйде сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруы бойынша қолайсыз пунктте шектеу іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (Иманбаев Т.Қ., келісім бойынша) сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың құрастырылған жоспарын орындауға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.