Об установлении ограничительных мероприятий в частном подворье по улице Казахстан № 11 села Малонарымка Солоновского сельского округа Катон – Карагайского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Солоновка ауылдық округінің
Малонарым ауылындағы
Қазақстан көшесіндегі № 11 үйге
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 25 сәуірдегі 150 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі № 11 үйге мүйізді ірі қара малында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.