О внесении изменений и дополнений в постановление Акимата города Алматы № 1/11 от 09 января 2003 года "О Дисциплинарном Совете города Алматы", зарегистрированного в Управлении юстиции по городу Алматы 22 января 2003 года за № 510, опубликованного в газетах "Алматы Акшамы" и "Вечерний Алматы" 29 января 2003 года № 12, 13 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 9 қаңтардағы № 1/11 "Алматы қалалық Тәртiптiк кеңес туралы" қаулысына, Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 22 қаңтарда № 600 тiркелген, "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде 2003 жылғы 29 қаңтарда № 12,13 жарияланған өзгерiстер енгiзу туралы Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Алматы қаласы бойынша басқарманың жұмысын үйлестiру мақсатында және Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесi кейбiр мүшелерiнiң басқа қызметке ауысуына байланысты Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 9 қаңтардағы № 1/11 "Алматы қалалық Тәртiптiк кеңесi туралы" қаулысының, 2 қосымшасына (Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 22 қаңтарда № 600 тiркелген, "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде 2003 жылғы 29 қаңтарда № 12, 13 жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: басқа қызметке ауысуына байланысты Алматы қалалық Тәртiптiк кеңестiң дербес құрамынан мыналар шығарылсын: Сәрсенов Әниятолла Өмiрзақұлы - Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментiнiң бастығы; Дубаев Рәшит Құлтайұлы - Алматы қалалық Әдiлет басқармасының бастығы Алматы қалалық Тәртiптiк кеңестiң дербес құрамына мыналар енгiзiлсiн: Бұлғақбаев Болатбек Ақылбайұлы - Алматы қаласы Бойынша Экономикалық және жемқорлықпен күрес жөнiндегi департаментiнiң бастығы (қаржы полициясы). Мақұлбекова Айбөпе Мақұлбекқызы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Алматы қаласы бойынша басқарманың бастығы
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмi аппаратының басшысы М.Т. Баяндаровқа жүктелсiн.