Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства плотоядных животных в доме № 111 «А» по улице Темирбаева в городе Костанае Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы Темірбаев көшесіндегі № 111 «А» үйде шектеу іс-шараларды белгілеу сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының құтыру ауруын анықтау фактісі бойынша ұсынысы негізінде және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес, адамдар мен үй жануарлардың құтырумен ауыруының алдын алу мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 19 қыркүйектен Қостанай қаласы Темірбаев көшесіндегі № 111 «А» үйде сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруы бойынша қолайсыз пунктте шектеу іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (Иманбаев Т.Қ., келісім бойынша) сүт қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың құрастырылан жоспарын орындауға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылғы 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.