О внесении изменений в постановление акимата города Тараза № 1116 от 24 декабря 2008 года "Об организации общественных работ на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Тараз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1116 "2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес, «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 1 бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне» сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмысқа кеңінен тарту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1116 қаулысына ((нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-1-85 тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған), Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 329 «Тараз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1116 «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-1-89 тіркелген, 2009 жылғы 20 мамырдағы «Жамбыл-Тараз» № 39 газетінде жарияланған)) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
2 жолдағы:
«13470» сандары «13717» сандарымен ауыстырылсын;
«25» сандары «60» сандарымен ауыстырылсын;
10 жолдағы:
«Арық жүйелерін санитарлық тазалау, жасыл өсімдіктерді суару және күту» сөздері «Округтар бойынша Тараз қаласы әкімінің бас инспекторларына көмек көрсету» сөздерімен ауыстырылсын;
«120» сандары «85» сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Ақтановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы қаулының 1 тармағындағы 4 абзацының қолданылуы 2009 жылдың 1 шілдесінен туындаған қатынастарға таралады.